Үкіметтік емес ұйымдар сан алуан бағытта жұмыс істейді. Әрқайсысының қызмет саласы бөлек болғанымен, олардың ортақ мақсаты қоғамның дамуына үлес қосу. 27 ақпан - Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні. Бұл дата бүгінде әлемнің көптеген елінде аталып өтіп, азаматтық сектордың рөлін танытуға арналған.

ҮЕҰ өкілдері - халық пен билік арасындағы байланысты күшейтіп, қоғамдық диалогтың қалыптасуына ықпал ететін маңызды күш. Бүгінде шағын бастамалық топтардан бастап, халықаралық деңгейде жұмыс істейтін ауқымды ұйымдарға дейін бар. Осы айтулы датаға орай креатив орталығында іс-шара өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов қатысты.

ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қалалық Пәтер иелері кооперативі қауымдастығының төрағасы Сергей Худяков осы салада еңбек етіп жүрген әріптестерін, азаматтық қоғам ұйымдарының жетекшілерін мерекемен құттықтады.

СЕРГЕЙ ХУДЯКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПИК ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

ҮЕҰ немесе коммерциялық емес ұйымдар қоғамымыздың дамуына орасан зор үлес қосады. Әр ұйым өз миссиясын атқарады.Атап айтқанда балалар мен мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету, қандастарға қолдау, жасөспірімдермен жұмыс, нашақорлықпен күрес, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Сондықтан азаматтық сектор бүгінгі күні мемлекет үшін өте маңызды рөл атқарады.

СӘУЛЕ СҮЛЕЙМЕНОВА, «КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТНИКААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ТӨРАЙЫМЫ

Айта кетейік, іс-шара аясында ҮЕҰ-мен тығыз жұмыс жүргізіп келе жатқан бірқатар белсенді азаматтар құрмет грамотасымен марапатталды.