Мемлекет басшысы биылғы жылдың 15 наурызында республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Осыған орай елімізде ауқымды түсіндіру жұмыстары қолға алынды. Соған сәйкес, облыс аудандарында да бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Айыртау ауданында арнайы штаб құрылып, Конституция жобасының негізгі бағыттары халыққа кеңінен таныстырылуда. Мамандардың айтуынша, тұрғындар тарапынан қолдау жоғары.

Қазіргі таңда аудандық штаб мүшелері елді мекендерді аралап, тұрғындармен кездесулер өткізуде. Жиындар барысында жаңа Конституция жобасындағы өзгерістер, әсіресе адам құқықтарын қорғауға бағытталған басымдықтар кеңінен түсіндірілуде. Штаб өкілдерінің сөзінше, аудан халқы референдумның маңызын түсініп, белсенділік танытуда.

ӘСЕТ ҚОЖАХМЕТОВ – «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЙЫРТАУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ