Жамбыл ауданында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Әсем Рахметова мен Ольга Перепечина кездесу өткізді. Олар Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектепте және аудандық ауруханада болып, қызметкерлерге жаңа Конституцияның жобасы туралы түсіндірді. Кездесу барысында мекеме қызметкерлері сұрақтарын білдіріп, өз сауалдарына нақты жауап алды.

Сенаторлар ең алдымен Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектепте білім беру саласының қызметкерлерімен жүздесті. Кездесу барысында сенаторлар жаңа Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың маңызына тоқталып, олардың ел дамуына қосар үлесін атап өтті. Сондай-ақ, ұстаздардың қоғамдағы рөлін күшейту және олардың әлеуметтік мәртебесін көтеру мәселесі өзекті бағыттардың бірі ретінде кеңінен қозғалды.

ҚҰНДЫЗ САНСЫЗБАЕВА, ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ

Екінші мекеме – аудандық аурухана болды. Медицина қызметкерлеріне де Жаңа Конституция жобасының негізгі нормалары таныстырылды. Қатысушылар кездесуде өз сауалдарын қоюға мүмкіндік алды. Айта кетейік, мұндай жиындар жаңа өзгерістердің мәнін терең әрі анық түсінуге мүмкіндік береді

ОЛЬГА ПЕРЕПЕЧИНА – ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Жаңа Конституцияның жобасы елдің саяси-құқықтық жүйесін одан әрі нығайтуға, мемлекеттің іргелі қағидаттарын сақтауға және қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.