Петропавлдық «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалдарының ата-аналары, педагогтері және қызметкерлері арасында желілік спартакиада өтті. Спорттық іс-шараға Қостанай, Петропавл және Көкшетау қалаларындағы NIS командалары қатысты.

Желілік спорт додасы осымен екінші жыл ұйымдастырылуда. Спартакиадаға қатысушылар волейбол, футзал, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, садақ ату және арқан тартыс бойынша бақ сынасты. Күні бойы командалар жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.

ДОС ӘУБӘКІРОВ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Былтыр бірінші болып спартакиаданы Көкштау қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі өткізген болатын. Биыл эстафетаны біз алдық. Спартакиадаға мектептің ата-аналары, ұстаздары және қызметкерлері қатысуда.

Зкт: Спартакиаданың басты құндылығы - спорттық нәтижеде ғана емес, оның желі мектептері, педагогтер мен ата-аналары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуы болды. Мұндай бірлескен іс-шаралар желі ішіндегі серіктестік қарым-қатынасты дамытуға, тәжірибе алмасуға және бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыруға ықпал етеді. Мәселен спартакиадаға қостанайлық зияткерлік мектептен 20-ға жуық спортшы келді. Мектептің физика пәнінің лаборанты Алмас Өтебаев жарыста өз мектебінің намысын үстел теннисінен және футболдан қорғауға келген.

СНХ: АЛМАС ӨТЕБАЕВ, ФИЗИКА ПӘНІНІҢ ЛАБОРАНТЫ

Петропавл мен Көкшетаудан мықты қарсыластар болды. Есе жібердік. Ата-аналар командасы жақсы өнер көрсетіп жатыр. Волейболдан бір жеңіс. Тоғызқұмалақ, шахматтан ойнап жатыр. Спартакиадаға бірден регламентті ала салысымен дайындалдық.

ЗКТ: Жарыс қорытындысы бойынша алтын медаль мен I орынды қостанайлық NIS командасы иеленді. II орын петропавлдық NIS командасына бұйырса, III орынды Көкшетау қаласының NIS командасы еншіледі.