Power International Holding компаниясы Tele2 Байланыс операторын сатып алмақ. Компания басшылары бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, телекоммуникация нарығындағы қызметін кеңейту жоспарын баяндады. Президент компания осы арқылы қызметтің сапасы мен халыққа қолжетімділігін арттыруға септігін тигізетініне сенім білдірді. Сондай-ақ, әңгімелесу барысында энергетика және телекоммуникация салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективасы қарастырылды. Президенттің айтуынша, газ өңдеу, тасымалдау және қуат өндіру салалары Қазақстан мен Қатар арасындағы инвестициялық ықпалдастықтың негізі саналады.