Петропавлда Психикалық денсаулық орталығы базасында жасөспірімдер арасындағы эмоционалды күйзелістің алдын алу мәселесіне арналған семинар-практикум ұйымдастырылды. Оған мемлекеттік органдар, мектептердің ата-аналар комитеті және қамқоршылық кеңестерінің өкілдері қатысты.
Семинардың басты мақсаты ата-аналар мен мамандар арасындағы тиімді өзара әрекеттестікті күшейту, сондай-ақ оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын талқылау болды. Қатысушыларға алаңдататын белгілерді анықтаған кезде әрекет ету алгоритмін және мектептерде психологиялық қауіпсіздікті нығайту бойынша нақты кеңестер берілді.
ИРИНА ЯКИМОВА, ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГЫ
Семинар барысында мамандар жасөспірімдердің психикалық денсаулығына әсер ететін қазіргі заманғы қауіптерді атап өтті. Профилактика жүйесіндегі қамқоршылық кеңесінің рөлін айқындады. Сондай-ақ ата-аналар мен мамандардың жауапкершілігі жайлы талқылап, мектептерде психологиялық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеуге ерекше назар аударылды.
ОЛЬГА ПОПОВА, ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ
Семинарға 70-тен астам қатысушы келді. Психикалық денсаулық орталығы мамандары әрқашан кеңес беру және психологиялық қолдау көрсетуге дайын екендігін айтты.