Жаңа конституциялық жоба елдің құқықтық жүйесін жаңғыртып, мемлекеттік басқару құрылымын одан әрі жетілдіруге бағытталған. Құжат мазмұны жағынан да, ұстанымдары тұрғысынан да бұрынғысынан айтарлықтай ерекшеленеді. Ескі Конституцияда мемлекет мүддесіне басымдық берілсе, жаңа Ата Заң адамға бағытталған қағидаттарды алға шығарады. Құқықтар мен бостандықтардың кепілдігі нақты әрі айқын көрсетіліп, азаматтардың мүддесін қорғау тетіктері күшейтілген.
Жаңа Конституцияның басты ерекшеліктерінің бірі – оның ұлттық және тарихи бірегейлікке негізделуі. Құжатта «Ұлы дала» идеясы көрініс тауып, Қазақстанның мәдени-тарихи болмысы конституциялық деңгейде айшықталған. Сонымен қатар, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен тежемелік жүйе күшейтілген. Бұл басқару құрылымының тиімділігін арттырып, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
ӘСЕМ НАЗЫРОВА, СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАУ БОЙЫНША АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ