15 наурызда республикалық референдумға ұсынылатын Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасында қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау және табиғатты қорғау нормаларын бекіту көзделген. Экология құжатта мемлекеттің басты құндылықтарының бірі әрі оның ұзақмерзімді дамуының маңызды бөлігі ретінде қарастырылады.
Табиғатқа ұқыпты көзқарасты Конституцияның негізгі принциптерінің қатарына енгізу ұсынылып отыр. Тимирязев ауданы жастар ресурстық орталығы директорының айтуынша, табиғи ресурстарды сақтау және экологиялық зиянды азайту жауапкершілігі тек мемлекетке ғана емес, әрбір азаматқа жүктеледі.
ЕЛЕНА МЕРКЕЛЬ, ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Жобаға экологиялық нормалардың енгізілуі қоғамның табиғатты қорғау мәселелеріне деген қызығушылығының артқанын көрсетеді. Бұл бастамалар «Таза Қазақстан» бағдарламасының мақсаттарымен де үндеседі. Бағдарлама қоршаған ортаны ластанудан қорғауға және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған.
ЕЛЕНА МЕРКЕЛЬ, ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Айта кетейік, Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдум 15 наурыз күні өтеді.