Есіл аудандық мәслихатының депутаты Еділ Тұтқышев Конституцияның жаңа жобасына қатысты өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, құжат ел дамуының жаңа кезеңіне серпін беріп, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды бастама.

Депутаттың пікірінше, жаңа Конституция жобасында қоғам мен мемлекет арасындағы жауапкершілік айқын көрсетілген. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, билік тармақтарының тепе-теңдігі сақталады. Сондай-ақ құжатта өңірлердің дамуына, әлеуметтік тұрақтылық пен заң үстемдігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған. Еділ Тұтқышев жаңа жоба ел болашағы үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.

ЕДІЛ ТҰТҚЫШЕВ, ЕСІЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ