Солтүстік Қазақстан облысында қазақ күресінен өткен жарыста полицейлер төрт салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Палуандар 8 салмақ дәреженінде сынға түсті.
ҚР ІІМ чемпионатында ұлттық спорт түрі — қазақ күресінен Солтүстік Қазақстанның намысын кім қорғайтыны Петропавл қаласындағы «Береке» спорт кешенінде анықталды. Мұнда облыстың құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында іріктеу жарыстары өтті.
ДАМИР БЕКМУРЗИН — СҚО ПД АРНАЙЫ ЖӘНЕ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Белдесулер сегіз салмақ дәрежесінде өтті. Жарыс қорытындысы бойынша полиция департаменті мен арнайы жедел әрекет ету жасағының командалары екінші және үшінші орындарды иеленді. Іріктеу жарыстарында Ұлттық ұлан академиясының командасы үздік атанды.
МАДИЯР МАҚАШ — ҰЛТТЫҚ ҰЛАН АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 3-КУРС КУРСАНТЫ
Арнайы жедел әрекет ету жасағының қызметкері Илья Масенко 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды. Жалпы полицейлер төрт салмақ дәрежесінде ең жоғары нәтиже көрсетті. 100 келіден жоғары салмақта бірінші орында СҚО ПД өкілі Әділ Қайыров жеңіп алды, 82 келіге дейінгі салмақта — СҚО ПД өкілі Бекасыл Ермахан. Арнайы жедел әрекет ету жасағының қызметкері Қабылбек Баққали 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды иеленді. Полицейлердің айтуынша, мұндай жарыстар қызметкерлердің дене даярлығын арттыруға, қызметтік тәртіпті нығайтуға және ұлттық күресті насихаттауға бағытталған.