Достық үйінде «Жаңа Конституция – ел болашағы!» атты дөңгелек үстел өтті. Оған этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Петропавлда жаңа Конституция жобасының ел дамуы үшін маңызы талқыланды. Дөңгелек үстелге қатысушылар бұл құжат саяси жаңғыру мен қоғамдық келісімді нығайту жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

РАШБИЛЬ ЕВДАЕВ, «СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ЕВРЕЙ МӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ

Кездесу барысында жаңартылған Конституция жобасында отбасы институтын нығайту және азаматтардың жеке деректерін қорғау мәселелері қамтылғаны айтылды. Қатысушылардың пікірінше, ұсынылған нормалар дәстүрлі құндылықтарды сақтау, әр адамның құқығын қорғау және қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытын айқындайды.

ВЛАДИМИР ВИТЧЕНКО, «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРЫС, СЛАВЯН ЖӘНЕ КАЗАК ҰЙЫМДАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ЗТБ СҚОФ ЖЕТЕКШІСІ

Дөңгелек үстел қорытындысында қатысушылар жаңа Негізгі заң – мемлекеттің даму стратегиясы екенін атап өтті.