Ұстаз – әр адамның өміріндегі ең маңызды тұлға. Олар тек білім беріп қана қоймай, оқушының тұлға болып қалыптасуына да ерекше ықпал етеді. Осындай ұстаздардың бірі – ұзақ жылдар бойы шәкірт тәрбиелеп келе жатқан Индира Тұяққызы Сейітбекова. Оның бастауыш сыныптағы еңбек жолы мен шәкірттерінің өсіп өркендеуіне қосқан үлесі бүгінгі сюжеттің басты тақырыбы болмақ.
ЖАНАР АБЗАЛҚЫЗЫ, ТІЛШІ
Әр адамның өмірінде таңдау жасайтын ерекше бір кезең болады. Индира Тұяққызы үшін ол кезең 1991 жылдан басталды. Дәл сол жылы ол қаламыздағы Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжіне оқуға түсіп, ұстаздық жолға алғашқы нық қадамын жасады. Білім мен тәжірибені ұштастыра жүріп, жас маман көп ұзамай өз кәсіби жолын нақты іске асыру мүмкіндігіне ие болды. Сөйтіп, 1993 жылы еңбек жолын №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені қабырғасында бастады. Дәл сол кезеңде орыс тілді мектепте қазақ сыныптары ашылып, ана тілінде білім беретін алғашқы сыныптың тұңғыш ұстазы атанды.
ИНДИРА СЕЙІТБЕКОВА, С.ШӘЙМЕРДЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛАССИКАЛЫҚ ГИМНАЗИЯНЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтарға қарамастан, 1996 жылы қаламызда жаңа білім ордасы есігін айқара ашты. Қазіргі С. Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия бүгінде сапалы білім мен саналы тәрбиенің ордасына айналды. Дәл осы кезеңде Индира Тұяққызының еңбек жолы жаңа белеске көтерілді. Ол өз қызметін осы гимназия қабырғасында жалғастырып, содан бері аталған білім ордасында 30 жылға жуық уақыт бойы бастауыш сынып мұғалімі ретінде табанды еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеп келеді.
ИНДИРА СЕЙІТБЕКОВА, С.ШӘЙМЕРДЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛАССИКАЛЫҚ ГИМНАЗИЯНЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ
«Мен үшін әр оқушы – жеке тұлға, олардың алғашқы қадамдары, әріп үйрету, білімге құштарлықтарын ояту – ең басты міндет», – дейді ұстаз. Оның айтуынша, баланың тұлға болып қалыптасуына ең бірінші септігін тигізетін – алғашқы ұстазы. Ол әріптен бастап, оқуға үйретіп, оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіруде ерекше рөл атқарады.
БАҒЫМ ТҰРЛЫБЕК, 6-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
ЖАНСАЯ СИҒАЛИ, 6-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Сыйлы ұстаз алдында 30 жыл ішінде талай шәкірт қанат қағып, талай әріптестер ауысты. Сол уақыт ішінде ол өз тәжірибесі мен кәсібилігі арқылы мектептің дамуына үлес қосты. Қазіргі таңда ол – жас ұстаздарға үлгі болып, шәкірт тәрбиелеу мен білім беру ісін жаңаша көзқараспен жалғастыруда.