Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының алқа отырысы өтті. Жиында 2025 жылғы атқарылған жұмыс қорытындылары баяндалып,алдағы жоспарлар таныстырылды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты.

Мәдениет пен өнерді дамыту мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде атап өтілген болатын. Бұл міндет СҚО-да да басты назарда. Алқа отырысында жасанды интеллектті дамытуға бағытталған жобалардың іске асырылуы мен Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын орындау жөніндегі жоспарларда сөз болды.

ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өңірде 598 мәдениет және архив ұйымы жұмыс істейді. мәдениет саласы бүгінде тек іс-шаралар өткізумен ғана емес, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін маңызды факторға айналған. Қазір салада 3357 маман еңбек етеді, орташа жалақы 275 мың теңгені құрайды.

ДОСБОЛ ӘБДІРИСОВ,СҚО МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жиында бірқатар мәдениет ұйымдарының жетекшілері сөз сөйлеп, өз бағыттары бойынша нәтижелер мен алдағы міндеттерді таныстырды. Шал ақын ауданындағы ахуал жөнінде аудан әкімінің орынбасары Нұрбек Нәбиев баяндады. Биыл ауданның мәдениет саласына 414 млн теңге қарастырылған. Соңғы үш жылда 2 жаңа нысан ашылып, 4 ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілген.

НҰРБЕК НӘБИЕВ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары мәдениет, тіл саясаты және архив саласын дамыту бойынша бірқатар тапсырма жүктеді. Сондай-ақ жаңа Конституция жобасын қабылдауға байланысты өтетін республикалық референдумның ел болашағы үшін тарихи маңызын атап өтті.