Жаңа Конституция жобасына сәйкес, ең жоғары құндылық – адам және оның өмірі. Мәселе декларацияда емес, нақты міндеттемелерде. Айталық, қала мен ауыл тұрғындарына медициналық көмектің тең қолжетімділігі, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және әр азаматтың денсаулығын қорғау үшін заманауи технологияларды енгізу.
Азиз Якубов денсаулық сақтау саласында 6 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ол үшін бастысы – тек емдеу емес, пациенттің жанынан табылып, әрқайсысына сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету.
АЗИЗ ЯКУБОВ, «ТИМИРЯЗЕВ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ» ШЖҚ КМК ДИРЕКТОРЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Жоба бойынша 32-бапқа ерекше назар аударылған. Азаматтар бұрынғыдай заңда белгіленген көлемде медициналық көмек алуға құқылы. Ұсынылып отырған өзгерістер әлеуметтік кепілдіктерді нақтылап, құқықтық тұрғыдан күшейтуге бағытталған.
АЗИЗ ЯКУБОВ, «ТИМИРЯЗЕВ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ» ШЖҚ КМК ДИРЕКТОРЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Жаңа жобада адами капиталды дамыту стратегиялық басымдық ретінде айқындалып, денсаулық сақтау саласы оның негізгі бағыттарының бірі ретінде бекітіледі.