Ақан сері атындағы облыстық филармонияда тағы бір өнер адамының мерейтойына арналған концерт ұйымдастырылды. Бұл кеш ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, "Мәдениет саласының үздігі", "Парасат" орденінің иегері, хормейстер Юрий Колчиннің шығармашылық қызметінің 60 жылдығына арналды. Онда көрермендер назарына автордың өз шығармаларымен қатар классикадан қазіргі заманға дейінгі түрлі жанрдағы әуендер ұсынылды.

Камералық хор және джаз. Бұл Гершвиннің "Порги и Бесс" джаз операсынан үзінді. Сазды кеш шымылдығын камералық хор осы әуенмен ашты. Ал маэстро Юрий Колчин болса аталмыш хорды 2010 жылдан бастап басқарып келеді. Ол Қазақстанның хор өнеріндегі жарқын жұлдыздардың бірі. Оның Екатеринбург қаласындағы опера және балет театрынан бастау алған шығармашылық қызметі кәсіби хор өнерімен тікелей байланысты.

ЕВГЕНИЯ ЧУМАК - КӨРЕРМЕН 

Камералық хор ұжымы жоғары деңгейлі шеберлігімен және күрделі репертуарларымен ерекшеленеді. Ал оларға бұл тұрғыда бағыт -бағдар беретін хас шебердің еңбегін әртістер сондықтан да жоғары бағалайды. Еңбекқорлық, талапшылдық және талант. Осы үшеуі бір арнаға тоғысқанда тың идеялар туындап, мағыналы үлкен концерт сахнаға шығады,-дейді камералық хордың солисі Лилия Петрова. Оның кеш иесімен әріптес болып келе жатқанына 20 жылдай уақыт болған.

ЛИЛИЯ ПЕТРОВА - КАМЕРАЛЫҚ ХОР СОЛИСІ 

Концертте № 8 Малер симфониясы мен Гусар балладасынан үзінділер орындалды. Көрермендер сондай-ақ хор мен оркестрдің орындауындағы қазақстандық және шетелдік композиторлардың музыкаларынан рухани азық алды. Мұның бәрі Юри Колчиннің сахнаға арнаған 60 жылдық шығармашылық қызметінің жемісі.