Петропавлда өмірлік қиын жағдайға тап болған ата-аналарға психологиялық және эмоциялық қолдау көрсетуге бағытталған клуб ашылды. Жобаның ашылуына орай ұйымдастырушылар қаланың сауда орталықтарының бірінде мерекелік концерт өткізді.
Бұл жоба – өзгелер үшін әрдайым мықты болуға тырысатын, бірақ кейде өз жан дүниесін елеусіз қалдыратын жандарға арналған кеңістік. Клубтың ашылуы мерекелік концертпен ерекшеленді. Сахнада «Фея» балалар орталығының тәрбиеленушілері, шығармашылық ұжымдар мен спортшылар өнер көрсетті. Жобаны үш ұйымдастырушы қолға алған. Соның бірі – «Улыбка» балалар қайырымдылық қоры.
ГАЛИНА БОНДАРЕНКО – «УЛЫБКА» БАЛАЛАР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Клуб аясында алғашқы екі күндік интенсив те өтіп үлгерді. Қатысушылар үшін шеберлік сабақтары, тренингтер ұйымдастырылып, психологтармен жұмыс жүргізілді. Қазіргі таңда қауымдастықта 50-ге жуық адам бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қолдау тек балаларға ғана емес, кейде ересектерге одан да көбірек қажет болып жатады.
ЕКАТЕРИНА АНДРЕЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Мерекелік кеш лотерея ойынымен аяқталды. Қатысушыларға сыйлықтар мен мамандардың қабылдауына сертификаттар табысталды. Қолдау көрсету клубына кез келген ниет білдіруші қосыла алады.