Кәсіпкерлікті дамыту – Мемлекет Басшысы белгілеген басты бағыттардың бірі. Құрылымдағы өзгерістер жаңа бөлімдердің қосылуы мемлекеттік басқарудың заманауи әрі теңдестірілген моделін жасауға деген ниетті көрсетеді. Бұл өзгерістер ел экономикасын дамытуға арналған ұзақ мерзімді құқықтық негізді қалыптастыруға бағытталған.

Гүлжан Ждаморева сұлулық салонының иесі. Ол адамдарды әрлеп, оларға өзіне деген сенімділік сыйлайды. Кәсіпкер жаңа негізгі заңды қабылдау жөніндегі шешімнің дұрыс екеніне сенімді. Айта кету керек, кәсіпкер өткен жылы өзінің сұлулық салонын Қазақстан Конституциясы күні ашқан болатын.

ГҮЛЖАН ЖДАМОРЕВА – КӘСІПКЕР

Сұлулық салоны Покровка мен жақын маңдағы ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді. Мұнда шаш қию, бояу, лэшмейкер және массаж қызметтері көрсетіледі. Студия ашылғаннан бері 4 адам жұмыспен қамтылған.

ГҮЛЖАН ЖДАМОРЕВА – КӘСІПКЕР

Кәсіпкердің жоспарында – бизнесті кеңейту, сондықтан ел экономикасына негізгі заң арқылы қамтамасыз етілетін жаңа механизмдер қажет.