Қызылжар ауданының прокуратурасы ата-аналармен бірлесіп, мектептегі буллингтің алдын алу мәселесін талқылады. Ата-аналар жиналысы «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды. 

Ресми статистикаға сәйкес, Қазақстанда балалардың 17 пайызы кей жағдайда буллингке ұшырайды. Осыған орай, Қызылжар аудандық мәдениет үйінде ата-аналарға баланың мінез-құлқындағы алаңдатарлық белгілерді анықтау және дұрыс қарым-қатынас орнату жолдары түсіндірілді. Жиынға екі мыңнан астам ата-ана қатысты.

АЛМА НҰРҒАЛИЕВА, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Мамандардың айтуынша, тұйықталу, көңіл күйдің күрт өзгеруі және мектепке барудан бас тарту буллингтің алғашқы белгілерінің бірі. Кездесу барысында ата-аналарға балалармен сенімді қарым-қатынас орнату және күрделі жағдайларда қайда жүгіну керектігі жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

ӘСЕЛ ҚАЖЫМҰРАТОВА, «ПАРАСАТ» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ПСИХОЛОГЫ

Сонымен қатар, аудан мектептерінде 8–11 сынып оқушылары арасында «Менің құқығым – менің жауапкершілігім» тақырыбында бірыңғай эссе байқауы өтеді. Бұл іс-шара жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.