Республикалық конституциялық комиссия мүшелері мен университет оқытушылары Kozybayev University студенттерімен кездесті. Кездесу барысында қатысушыларға жаңартылған Конституция жобасының негізгі қағидаттары, оның ел дамуы үшін маңызы және әділетті мемлекет құрудағы жастардың рөлі жан-жақты түсіндірілді.
Сарапшылар студенттерге Конституцияның жаңа редакциясындағы басты ережелерді түсіндіріп, халық билігі, заң үстемдігі, әлеуметтік әділдік қағидаттарына, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге ерекше назар аударды. Әлеуметтік салада Конституция мемлекет саясатының лайықты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғауға тең қолжетімділікке, сондай-ақ отбасыны, ана мен әкені және баланы қолдауға бағытталғанын айқындайды.
ВЛАДИМИР БУБЕНКО, СҚО МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Конституция Парламент пен мәслихаттардың ұстанымын күшейтіп, олардың бақылау функцияларын және мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл басқарудағы шамадан тыс орталықтандыруды азайтып, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Өзгерістер жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға да қатысты. Атап айтқанда, өңірлердің дербестігін кеңейту, сайланбалы органдардың рөлін арттыру және азаматтарды жергілікті деңгейде шешім қабылдауға тарту көзделген.
ЕРЛАН ТОҚШЫЛЫҚ, СҚО ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойып, оны өткізу 15 наурызға белгіленді.