«Жас сақшы» сыныптарының оқушылары Солтүстік Қазақстан облысы полициясының интернационалист-жауынгерлерімен кездесті. Жиын сұхбат форматында өтті. Толығырақ — облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі дайындаған материалда.
Петропавл қаласындағы үш «полицейлік сыныптың» оқушылары Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінің акт залында бас қосты. Олар Демократиялық Ауғанстан Республикасында және тәжік-ауған шекарасында әскери борышын өтеген полиция ардагерлерімен жүздесті. Айта кету керек, облыстағы алғашқы «Жас сақшы» сыныбы дәл осы білім ордасында ашылған.
СНХР: Бикеш Қасенова — М.Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейінің директоры
Жас сақшылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Оқушылармен «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері, отставкадағы полиция подполковнигі Давыд Шнайдер сұхбаттасты. Ол мотатқыштар полкінің барлау ротасында қызмет атқарған.
СНХ: Давыд Шнайдер — ІІО ардагері
Одан кейін запастағы полиция аға лейтенанты Марат Айтымов сөз сөйледі. Ол Тәжікстан шекарасын қарулы топтар мен есірткінің заңсыз өтуінен қорғауға қатысқан.
СНХ: Марат Айтымов — ІІО ардагері
Кездесуді отставкадағы полиция капитаны Анатолий Слипецкий қорытындылады. Ол жүргізуші болып қызмет атқарып, тау жолдарындағы ұрыстарға бірнеше рет қатысқан.
СНХ: Анатолий Слипецкий — ІІО ардагері
Болашақта «Жас сақшы» оқушыларының арасынан полиция қызметкерлері шығып, Заң мен Тәртіпке қызмет ететіні анық. Интернационалист-жауынгерлермен кездесу оқушылар үшін ерлік пен борышқа адалдықтың тағылымды сабағына айналды.
СНХР: Руслан Тасимов — СҚО ПД жеке құраммен жұмыс басқармасының бастығы
Бұл — Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуының 37 жылдығы қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде ұйымдастырылған жалғыз шара емес. Оқушылар ведомстволық музейге экскурсия жасап, ауған соғысы ардагерлеріне арналған экспозициямен танысты. Арнайы және кәсіби даярлық басқармасы ұйымдастырған шағын-футбол жарысында департамент командасы бірінші орынды иеленді. Жалпы, әр жылдары СҚО полициясы қатарында 19 интернационалист-жауынгер қызмет атқарған. Сондықтан 15 ақпан — полиция қызметкерлерін патриоттық тәрбиелеу ісінде маңызы зор күн.