Кәсіпорындарда апаттық-құтқару қызметтеріне қойылатын талаптар күшейтіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен арнайы брифингте айтылды. Енді тексеріс өтетіні жайында бір ай емес, бір күн бұрын хабарланады. Мониторинг жыл сайын өтеді. Бірақ, қызметкерлер не тұрғындар тарапынан талап бұзылғаны туралы ақпар түссе, жоспардан тыс тексерістер де ұйымдастырылады.
СНХ: ЕРБОЛАТ САДЫРБАЕВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ