«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!». Осындай ұранмен еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері Жалпыұлттық коалицияға бірікті. Оның құрамына бес жетекші саяси партияның өкілдері мен азаматтардың мүддесін білдіретін 300-ден астам қоғамдық ұйым енді. Отырысқа қатысушылар Жаңа Конституция жобасы саяси жүйе архитектурасын қоғамның жаңа сұранысына сай түбегейлі қайта жаңғыртады деген пікірді алға тартады. Сондай-ақ, бұл - биліктің барлық тармағының тұрақты жұмысын қамтамасыз етпек. Кездесуге қатысушылар Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға, әлеуметтік кепілдіктерді нығайтуға, кәсіпкерлікті қолдауға, ғылымды, мәдениетті және ұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталған стратегиялық бағдарға толық сәйкес келетінін айтты. Жуырда Коалиция мүшелері өңірлерде түсіндіру жұмысын бастайды. Шалғай елді мекендер де назардан тыс қалмайды.
СНХ: ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯ ЖЕТЕКШІСІ
СНХ: ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ