Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматыда мәслихат депутаттарымен, этномәдени бірлестіктердің мүшелерімен және белсенді жастармен кездесті.

Жаңа Конституция жобасының негізгі мәні мен алдағы республикалық референдум аясындағы бірлескен жұмыстың басым міндеттері талқыланды. Палата Спикері жаңа Конституция жобасын тарихи құжат деп атап, бұл шешім қоғамдық келісімнің жаңа үлгісіне көшу және ішкі сұраныстар мен сыртқы сын-қатерлерге берілген уақытылы жауап екенін айтты. Талқылау барысында сарапшылар мен талдау орталықтарының өкілдері алдағы референдум аясындағы бірлескен жұмысқа қатысты ұсыныс-ойларын айтып, өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Сонымен қатар Сенат Төрағасы Абай атындағы республикалық мектептің материалдық-техникалық базасымен, оның ішінде БҰҰ кабинетінің және білім ордасындағы музейдің қызметімен танысты. Сондай-ақ қалалық кітапхана ұжымымен және мегаполистің белсенді жастарымен кездесті.