Облыс орталығында Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына, Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына және Есләм Зікібаевтың 90 жылдығына орай аймақтық оқушылар айтысы өтті. «Жырлайды жас жүрек» атты додада Көкшетау мен Петропавлдың жас айтыскерлері сөз таластырып, суырыпсалмалық шеберліктерін көрсетті. Жыр бәйгесі жас дарындарды қолдап, айтыс өнерінің өрісін кеңейтуге бағытталды.

Алғаш болып сахнаға петропавлдық Сұлтан Жұпарханұлы мен ерейментаулық ақын Сәттібек Серікболатұлы шықты. Қос жас айтыскер алғашқы сәттен-ақ тапқырлық пен ұтқыр ойдың үлгісін көрсетті. Олардың айтысы шынайы әзілге, терең ойға және жалынды жігерге толы болып, көрермен ықыласын бірден баурап алды.


Екі ақын да бұған дейін түрлі деңгейдегі айтыс додаларында өнер көрсетіп, көрермен мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған.

қазақша 

СНХ:СӘТТІБЕК СЕРІКБОЛАТҰЛЫ, ЖАС АҚЫН


СНХ:СҰЛТАН ЖҰПАРХАНҰЛЫ, ЖАС АҚЫН


Жалпы жыр додасына 10 оқушы айтыскер қатысты. Оның төртеуі — арнайы шақырылған айтыскерлер. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай тағылымды жыр додалары алдағы уақытта да өз жалғасын табады.


СНХ:ЖАРҚЫН ЖҰПАРХАН, АҚЫН


Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.