Петропавл қаласында «Ішкі көкжиек» атты жеке көрменің ашылуы өтті. Шымкенттік суретші өз туындыларын Солтүстік Қазақстан көрерменіне ұсынды.
Қарлығаш Қансейіт – заманауи өнердің танымал шебері. Оның таланты туындыларына ерекше философиялық тереңдік пен ішкі тұтастық береді. Қылқалам шеберінің картиналары ішкі ізденіс, өз-өзіңмен сұхбат және дүниені танудың бір формасы ретіндегі ой-санаға шому тақырыбымен біріктірілген. Жоба адам жанының терең күйіне үңіліп, көрерменге тыныштық, толғаныс және жеке пайым жасау кеңістігін ұсынады.
ҚАРЛЫҒАШ ҚАНСЕЙІТ, ҚР МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ, СУРЕТШІ
Көрермен назарына ұсынылған туындылар үш бөлімнен тұрады: «Текелі», «Рефракция» және «Жүрек сапары». Бұл топтамаларды ішкі сұхбат пен терең толғанысқа деген ұмтылыс біріктіреді.
ҚАРЛЫҒАШ ҚАНСЕЙІТ, ҚР МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ, СУРЕТШІ
Көрме – кескіндемемен терең әрі мазмұнды қауышуға мүмкіндік береді. Мұнда әрбір көрермен өзіне тән мағына мен сезімді, өз ішкі көкжиегін таба алады.