«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында облыс прокуратурасы өндірістегі қауіпсіздік пен жауапкершілікке бағытталған кең ауқымды акция өткізді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты еңбек ұжымдарында заңға бағынатын мінез-құлық қалыптастыру, құқықбұзушылықтардың және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу.


Өткен жылдың қорытындысы бойынша өндірісте орын алған жазатайым оқиғалардың саны артқан, оның ішінде ауыр салдарға әкелген өлім жағдайлары тіркелген. Бұл профилактикалық жұмысты күшейту, еңбек қауіпсіздігін қатаң сақтау, сондай-ақ жұмыс берушілер мен қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру қажеттігін көрсетеді дейді мамандар.


СНХ: КЕНЕСАРЫ МҰХАМЕДЖАНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ


«Радуга» ЖШС елдегі жетекші кәсіпорындардың бірі . «Добрая», «Грызли» пістесі, «Хит» жүгері таяқшасы, «Император» ұны, картон-қағаз фабрикасында санитарлық-гигиеналық қағаз, қағаз сүлгілер, А4 форматтағы қағаз, «Deluxe» атты сулы және қағаз майлықтар, сұйық сабын сынды мұнда 20 түрлі тауар түрі өндіріледі. Өндіріс жағынан алдыңғы орында келе жатқан серіктестікте қауіпсіздік талаптары толық сақталған.


СНХ: ЖАҚСЫЛЫҚ ЕЛЕУКЕ, «РАДУГА» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРІ