15 наурызда референдумға шығарылатын Жаңа Конституция халық тарапынан қолдау тапса, парламент өз өкілеттігін тоқтатады. Конституция жобасына сәйкес елімізде 145 депутаттан тұратын кеңейтілген өкілеттіктерге ие бір палаталы Құрылтай құрылады. Оның құрамы пропорционалды сайлау жүйесі бойынша жасақталады.
Президент бұл ұсынысты 2025 жылғы 8 қыркүйектегі халыққа арнаған Жолдауында жариялаған болатын. Оның айтуынша, негізгі мақсат — саяси жүйені жан-жақты жаңарту және жасанды интеллект дәуірінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін беру.
БЕРІК ӘБДУЛМАНОВ, №3 СМИРНОВ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ