Солтүстік Қазақстан облысында қызметтік қаруды сақтау талаптары тексерілуде. «Қызметтік қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы 14 ақпанға дейін жалғасады. 

2 ақпаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысында «Қызметтік қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Полицейлер қызметтік қаруды пайдаланатын барлық ұйымдарды тексеріп жатыр.

АЗАМАТ САРМАНОВ — ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ҚАРУ АЙНАЛЫМЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ПОЛИЦИЯСЫ БӨЛІМШЕСІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ

Айта кетейік, орталықтандырылған сақтау пункттерінің қызметін солтүстікқазақстандық аңшылық әуесқойлары да пайдаланады, өйткені мұнда қару мен оқ-дәрілердің барынша қорғалу деңгейі қамтамасыз етілген. Төрт күн ішінде тәртіп сақшылары 23 нысанды аралап, сақтау талаптарын, қауіпсіздік шараларының сақталуын және құжаттардың дұрыс рәсімделуін тексерді.

АЗАМАТ САРМАНОВ — ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ҚАРУ АЙНАЛЫМЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ПОЛИЦИЯСЫ БӨЛІМШЕСІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ

Жалпы, жедел-профилактикалық іс-шара басталғалы бері облыста қызметтік қаруды сақтау және қайта тіркеу талаптарын бұзудың 6 дерегі анықталды. Заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Іс-шара 14 ақпанға дейін жалғасады.