«Айкомек-109» компаниясында қала жолдары мен қарды шығару жұмыстарының жаңа мониторинг жүйесінің таныстырылымы өтті. Жобаның мақсаты — коммуналдық қызметтердің қысқы кезеңдегі жұмысын ашық әрі тиімді ету.
Жаңа қар шығару жүйесі қала шаруашылығын цифрлық басқару құралдарын дамыту аясында әзірленді. Жүйе қысқы кезеңде қар тазалау жұмыстарының ашықтығын және жеделдігін арттыруға бағытталған.
СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Қысқы кезеңдегі жолдарды күту енді жасанды интеллект элементтері бар бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі. GPS-бақылау арнайы техника маршрутын, жұмыс уақытын және қарды төгетін орындарды тіркейді. Жоба алғаш рет Петропавлда жүзеге асырылып отыр. Қазақстанда баламасы жоқ. Жүйені іске қосуға дайындық және цифрлық мониторингтің проблемалы учаскелерге нақты әрекет жасауға қалай көмектесетіні туралы жобаны әзірлеуші Данияр Мелдебеков айтты.
ДАНИЯР МЕЛДЕБЕКОВ, «NUR-LITE SOFT» ЖШС БАСШЫСЫ
Жүйе қазір сынақ режимде сәтті жұмыс істеуде. Енді арнайы техника әр рейсте жасанды интеллект арқылы бақыланады. Жоба аймақтың басқа қалаларына да таратылатын болады.