Қазақстан Халық партиясы Ата заңның жаңа жобасын талқылауға арналған пікірталас өткізді. Дебатқа саяси ұйым белсенділері қатысып, конституциялық реформаға қатысты ұстанымдарын ашық білдірді. Ұйымдастырушылар жобаны болашақта қоғамдық пікірталас дағдыларын жетілдіруге арналған алаңға айналдыруға ниетті. Мұндай шара тек Астанада емес, еліміздің барлық аймағындағы партия филиалында өткізіліп жатыр. Пікірталасқа өткен екі айда 800-ден астам партия мүшесі қатысқан. Белсенділер қатарын алдағы жарты жылда шамамен 3000 адамға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқардың айтуынша, саяси ұйым осындай алаңдар арқылы Ата заңның жаңа жобасын халық арасында кеңінен түсіндіруді көздеп отыр.

ИСЛАМ СҰҢҚАР – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ


АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҒЫ – АТА ЗАҢНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҒЫ 

Адам құқықтары мен бостандығы – жаңа Конституция жобасының негізгі басымдығы. Бұл бағыттағы өзгерістер тұрғындар мен билік арасындағы байланысты нығайта түседі. Қазақстан халық партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында депутаттар осылай деді. Өңірлік партия жетекшілері де реформаны жан-жақты талқылап, пікір алмасты. Бір палаталы парламент құру, «Халық кеңесі» институтын енгізу жедел, түсінікті заң шығаруға жол ашатыны айтылды. Сондай-ақ, қатысушылар жаңа жобада этносаралық және конфессияаралық келісімнің мемлекеттігіміздің негізі ретінде айқындалғанын атап өтті.