Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Надежда Морозова Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсетіп, 3000 метр қашықтықта 4:01.20 нәтижемен мәреге алтыншы болып жетті.
Жарыс барысында 27 жастағы спортшы біраз уақыт көш бастап тұрғанымен, мықты қатысушылар арасындағы бәсекенің қорытындысы бойынша әлемнің үздік алты конькишісінің қатарына енді. Надежда Астана қаласының тумасы, соңғы екі жыл бойы ресми түрде Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғап келеді. Халықаралық жарыстарға дайындығын оның жаттықтырушысы Ольга Ихтендрис жүргізеді. Морозова үшін Олимпиада бағдарламасы жалғасуда — 9 ақпанда ол 1000 метр қашықтықта өнер көрсетіп, жүлделі орындар үшін таласуды көздеп отыр.