Петропавл қаласының үш бірдей базарында облыстың 6 ауданының қатысуымен кезекті апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде Айыртау, Тайынша, Шал ақын, Аққайың, Қызылжар және Мағжан Жұмабаев аудандарының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды.
Қала тұрғындары жәрмеңкеден ет, көкөніс және сүт өнімдерін сатып алуға асықты. Нәтижесінде шамамен 5 мың келі ауылшаруашылық өнімі сатылып, жалпы құны 7 миллион теңгеден асты.
Жыл басынан бері Петропавл қаласының базарларында 15 жәрмеңке өткізілді. Осы уақыт аралығында 9 тоннаға жуық ет пен сүт өнімдері, 20 мыңнан астам жұмыртқа, сондай-ақ 4 тонна картоп пен көкөніс сатылды. Жалпы сатылған ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі 36 миллион теңгені құрады.
ТАЛҒАТ НАУРЫЗБАЕВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
2025 жылы облыс бойынша барлығы 350 ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Жергілікті тауар өндірушілер ұсынған өнімдердің бағасы нарықтағыдан төмен.