Солтүстік Қазақстан облысында еңбек ұжымдарында жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Осындай кездесулердің бірі облыстық жедел медициналық жәрдем орталығында өтті. Қоғамдық пікір көшбасшылары жаңашылдықтарды түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Конституциялық реформа жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын ұсынды. Құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды жан-жақты талдау нәтижесінде әзірленген. Мамандардың айтуынша, жаңа Конституция жобасы анағұрлым түсінікті әрі азаматтардың құқықтарын нақты қорғауға бағытталған.
АЛЕКСАНДР ЗЕЛЬ – «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ «БОЛАШАҚ» ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ
Кездесу барысында қатысушылар Конституция жобасындағы баптар санының өзгергенін атап өтті. Мұның себебі қарапайым: бұған дейін «біріктіріліп» берілген бірқатар маңызды нормалар енді жеке-жеке бап ретінде ұсынылған. Бұл – айқындық үшін жасалған қадам. Яғни негізгі кепілдіктер мен институттар нақты әрі бөлек көрсетіліп, көмескі тұжырымдардан арылу көзделген.
ЮРИЙ БЕЛОНОГ – ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Елдің жаңа Негізгі заңының жобасы жан-жақты талдау нәтижесінде әзірленген. Алайда оны қабылдау туралы түпкілікті шешімді халық референдум барысында қабылдайды.