4 ақпан күні 2009 жылы туған жасөспірім химиялық күйік алып, шұғыл түрде Айыртау аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер алғашқы тексерістен кейін баланың жағдайын бағалап, санитарлық авиацияны тарту туралы шешім қабылдады.
Профильдік мамандардан құралған санавиация бортымен науқас Петропавл қаласындағы Көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта бала реанимация және интенсивті терапия бөлімінде жатыр. Дәрігерлер жағдайын «өте ауыр» деп бағалап отыр. Барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде, жасөспірімнің жағдайын тұрақтандыру үшін барлық іс-шаралар қабылдануда.
ӘСЕЛ ОРАЗБАЕВА БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ