Солтүстік Қазақстан облысында ерекше би топтарының бірі «Sensitive» би театры бұл жолы еліміздің ғана емес, әлемнің түкпір-түкпіріндегі көзі қарақты көрерменді тағы бір тамсандырды. Би ұжымы Түркия Республикасының Ыстамбұл қаласында өткен «Istanbul Art Fest» халықаралық байқауына қатысып, 5 басты жүлдені жеңіп алып, елге оралды. Ауқымды өнер додасында бес мемлекеттен 300-ден астам қатысушы сынға түсті. Бұл жолы байқау бірнеше кезең бойынша өтіп, қатысушылар хореографиялық, вокалдық және аспаптық өнер бағыттарында бақ сынады.
Халықаралық байқау Түркия Республикасының Ыстамбұл қаласында өтті. Өнер додасына Грузия, Әзербайжан, Түркия, Қазақстан және Ресей елдерінен келген 300-ден астам қатысушы бақ сынады. Байқау екі кезең бойынша ұйымдастырылды: жартылай финал және финал.
ОЛЬГА РОСТОВЩИКОВА, «SENSITIVE» БИ ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Халықаралық байқаудағы жеңістен кейін «Сенситив» би театры шетелдік фестивальдерден жаңа шақыртулар түскенін айтты.
ОЛЬГА РОСТОВЩИКОВА, «SENSITIVE» БИ ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Байқау қорытындысы бойынша «Сенситив» би театры үш Гран-при, бір бірінші орын және Супер Гран-при иеленді. Сонымен қатар жеңімпаздарға 500 АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай сыйлық пен халықаралық жобаларға қатысуға мүмкіндік беретін арнайы сертификат табысталды. Айта кетерлігі, байқау аясында қазылар алқасымен дөңгелек үстел өтті. Хореография бағыты бойынша бес кәсіби маман өнер көрсеткен ұжымдарға жоғары баға беріп, «Сенситив» би тобының шеберлігін ерекше атап өтті.