Бүгінде өңірдегі маңызды нысандардың бірі – қазақстандық Alageum Electric холдингінің құрамына кіретін «Алагеум» электротехникалық зауыты. Соңғы жылдары кәсіпорын қарқынды дамып келеді. Жұмысшыларға барлық жағдай жасалған. Еңбеккерлердің 50 пайызы оңтүстік өңірдің азаматтары.

Кәсіпорын өңірдің индустриялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған. Ол Qyzyljar арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Зауыт трансформаторлар мен электр энергиясын тарату және жеткізуге арналған жабдықтарды шығарады. Қуаттылығы жылына 7 мың дана өнім өндіруге мүмкіндік береді.

ТАЛҒАТ ЯКУПОВ, ПЕТРОПАВЛ ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗАУЫТЫНЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ

Зауыттың басты ерекшелігі мамандарды өзінде даярлауы. Қазір мұнда 200 адам еңбек етеді. Орташа жалақы 450 - 500 мың теңге көлемінде. Қызметкерлердің 50 пайызы елдің оңтүстік өңірлерінен келген азаматтар. Жұмысшылар үшін бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Соның бірі баспанамен қамту. Бауржан Жұмабеков үшін бұл шешуші фактор болған.

БАУЫРЖАН ЖҰМАБЕКОВ, ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

Зауыт Петропавлдың дамуына да серпін берді. Жаңа жұмыс орындары ашылып, қаланың экономикасына елеулі үлес қосып отыр. Биыл кәсіпорын өнім көлемін 8 мың данаға жеткізуді жоспарлап отыр.