Қауіпсіздік, бақылау және қадағалау қылмыстық-атқару жүйесінің басты міндеттері. Бүгінде өңірдегі түзеу мекемелерінде шамамен 1700 солтүстікқазақстандық жазасын өтеп жатыр. Олардың басым бөлігі есірткі саудасы және алаяқтық үшін сотталғандар. Әрқайсысының түзеліп, жаңа өмір бастауына мүмкіндік беріледі. Соның бірі жолы - жаңа мамандық игеру. Ал шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарды пробация қызметі бақылауда ұстайды. 

Қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің негізгі міндеті. Ведомство құрамында түрлі қызметтер, колониялар және изоляторлар бар. Қазір түзеу орындарында 1700-ге жуық адам жазасын өтеуде. Көбіне азаматтар есірткі саудасы мен алаяқтық үшін сотталады. Олар бір кездері қателік жасағанымен, бүгінде әр сотталғанның жаңа өмірге қадам басуына жағдай жасалған. Жаңа мамандық меңгеру соның бір жолы. Еңбек адамға жігер беріп қана қоймай, айыппұлдарын өтеуге де көмектеседі.

ОКСАНА ВЫШАР, СҚО БОЙЫНША ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Ал шартты түрде босап шыққандардың өмірі қалай бақыланады? Бостандығы шектелгендер қоғамда қалай өмір сүріп жатыр? Бұл мәселелер пробация қызметінің бақылауында.

МАДИМАР ДҮЙСЕНОВ , ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ

Үйде болу уақыты адамның жұмысына қарай белгіленеді. Қызметкерлер үшін оның қай жерде жүргенін бақылау қиын емес заманауи технологиялар көмектеседі. Дегенмен жаңа өмірге бейімделе алмай, қателікке қайта бой алдырғандар да кездеседі. Тағы бір қате қадам адамды қайтадан сым қоршаудың ар жағына апарады.