Былтыр ғарыштық мониторинг арқылы 3 мың 828 заңсыз қалдық жиналатын жер мен мыңнан астам қоқыс полигоны тіркелген. (( КСМ: )) Бұл туралы Үкіметте өткен «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысы қаралған жиында белгілі болды. Қоршаған ортаны қорғау және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда цифрлық технологиялар қолдану мәселелері қаралды. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің деректеріне сәйкес, Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында барлығы 1 мың 294 іс-шара өткізіліп, 844 мың тонна қалдық жиналған, 1 млн гектар жер тазартылып, 2,9 млн ағаш отырғызылған. Іс-шараларға 6,9 млн адам қатысты. Сондай-ақ, Үкімет басшысы жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру мен табиғатқа жанашырлықпен қарау жаңа Конституция жобасының түбегейлі принциптері қатарына енгізілуінің маңыздылығын атап өтті.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ