Полицейлер үшін алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша сабақтар ұйымдастырылды. Оның барысында оқыс оқиға кезінде жәбірленушілерге көмек көрсетудің алгоритмі үйретілді. Қан тоқтату, өкпеге жасанды ауа жіберу, жүрекке массаж жасау, әр түрлі жарақат алған адамдарға көмек көрсету, сонымен қатар табиғи апаттар кезінде адамдарды құтқару бойынша әдістер көрсетілді.
Жол-көлік оқиғасы, өрт немесе судағы жазатайым жағдай — патрульдік полиция қызметкерлері кез келген сәтте зардап шегушінің өмірі өз әрекеттеріне тікелей байланысты болатын төтенше жағдайға тап болуы мүмкін. Осыған байланысты Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде патрульдік қызметкерлерге арналған практикалық сабақ ұйымдастырылып, ол облыстық жедел медициналық жәрдем орталығында өтті.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері арнайы манекендерде тыныс алуы тоқтаған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын пысықтады. Сабақты орталық директорының орынбасары Владимир Жужгов өткізді. Оның айтуынша, қауіпті жағдайларда — жүрек талмасынан бастап суға бату деректеріне дейін — адамдарды құтқару жағдайларының шамамен жартысы сол сәтте жанында болған жандардың дұрыс әрекетіне байланысты. Жасанды тыныс алдыру әдістерін меңгерген адам жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін зардап шегушінің өмірін сақтап қала алады.
НУРЛАН АКЫБАЕВ — ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПБ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Патрудьдік полицияның кейбір қызметкері үшін алғашқы медициналық көмек көрсету бірінші рет емес. Мұндай сабақтардың тәжірибелік дағдыларды жетілдіру мақсатында маңызы зор.