Әрбір күрделі операцияның артында жоғары кәсібилікпен қатар, адам өмірі үшін орасан жауапкершілік тұрады. Нейрохирург – әрбір науқастың тағдырын шешетін маман. Бүгін біз күн сайын адам өмірін сақтап, пациенттеріне үміт сыйлап жүрген жан туралы баяндаймыз. Тақырыпты әріптесім тарқатады.

Балхар Шатуев Ресейдің Улан-Удэ қаласында дүниеге келген. Отбасында медицина саласын таңдаған жалғыз адам. Болашақ нейрохирург туған қаласында мектепті және медицина институтын тәмамдайды. Ординатураны Иркутск қаласында өтіп, кейін сол қалада медицина академиясында білімін жалғастырды. Отанына оралған соң, мамандығы бойынша үш жарым жыл еңбек еткен.

БАЛХАР ШАТУЕВ – КӨПСАЛАЛЫ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ НЕЙРОХИРУРГ ДӘРІГЕРІ

Балхар Шатуев Қазақстанға үш жыл бұрын қоныс аударған. Қаланың тыныш тіршілігі, тазалығы және медицина саласының жоғары деңгейі – ол үшін басты артықшылықтардың бірі. Қазақстаннан шыққан достары мен таныстары көп. Сондықтан біздің елімізде өмір сүру туралы ой бұрыннан көңілінде болған.

БАЛХАР ШАТУЕВ – КӨПСАЛАЛЫ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ НЕЙРОХИРУРГ ДӘРІГЕРІ

2023 жылдың тамыз айынан бастап Балхар Шатуев көпсалалы облыстық ауруханада нейрохирург қызметін атқарып, сонымен қатар невролог-дәрігер ретінде де еңбек етуде. Ол өз мамандығында ең алдымен науқастарға көмектесіп, ең күрделі клиникалық жағдайларда да шешім таба білуді жоғары бағалайды. Петропавл қаласына қоныс аударғалы бері нейрохирург жүзге жуық поерация жасаған. Оның ішінде негізгі ота жасаушы дәрігер ретінде де, ассистент ретінде де қатысқан операциялар бар.