Қалалық мәдениет үйінде «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында «Құқық векторы» атты консультациялық кездесу өтті. Іс-шараның мақсатты аудиториясы – пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар. Кездесуге Петропавл қаласының прокуратурасы, пробация қызметі, Петропавл қалалық полиция басқармасы, Петропавл қаласының әкімдігі, «Даму» қоры, банктердің өкілдері мен заңгерлер қатысты.

Акцияның басты мақсаты – сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамға қайта бейімделуіне қолдау көрсету. Акция барысында қатысушыларға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, әлеуметтік қолдау шаралары, жұмысқа орналасу, мемлекеттік қызметтерді алу, құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты ақпарат берілді.

ҒАЛЫМЖАН ӘУБӘКІРОВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ

Іс-шараның ерекшелігі – әрбір сотталған өзіне қызықты және толғандыратын кез келген сұрақты қою мүмкіндігіне ие болды. Қатысушылар қойған сұрақтарға заң саласының мамандары мен пробация қызметінің өкілдері нақты, түсінікті және қолжетімді жауаптар берді.

МАДИНА ЕЛЖАСОВА – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Сондай-ақ шара барысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға консультациялық кеңес берді.

СЕРІКБЕК САРЖАН – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «ДАМУ» ҚОРЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Кездесуге жалпы саны 500-ге жуық адам қатысты. Мұндай акциялар сотталғандарға қажетті қолдау алуға және өмірдегі алдағы бағытын айқындауға көмектеседі. Бұл бағыттағы жұмыс «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында әлі де жалғасын табатын болады.