Қазақстандағы 2026 жылғы Конституциялық реформа елдің саяси жүйесін дамытудағы маңызды кезеңге айналды. Бұл реформа демократиялық институттарды нығайтуға, азаматтардың қатысу аясын кеңейтуге және мемлекеттік басқарудың ашық әрі тиімді моделін қалыптастыруға бағытталған.

Солтүстікқазақстандықтар конституциялық реформаға қатысты өз пікірлерімен бөлісуде. Заңнамалық жоба билік пен қоғам арасындағы диалогқа негізделген, ал азаматтардың ұсыныстары реформалау үдерісінің маңызды бөлігіне айналып отыр.

ЕРБАҚЫТ АМАНТАЙ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Мемлекет басшысының конституциялық реформаға байланысты ұсынған бастамалары жастар үшін де аса маңызды. Бұл халықты бірегейлікке, ортақ құндылықтар мен ұлттық мүдде төңірегінде топтастырып, елдің тұрақты дамуына берік негіз қалайды. Мұндай шешімдер өз кезегінде жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына жол ашады.

ДАРИҒА СМАЙЫЛОВА, «ЖАСТАР АССАМБЛЕЯСЫ» РҚБ СҚОФ ТӨРАЙЫМЫ

Осылайша, жаңа Конституция азаматтардың ел басқару үдерісіне қатысуын арттырып, қоғам мен билік арасындағы тұрақты диалог пен кері байланысты нығайтады.