Конституциялық реформа революциялық емес, эволюциялық үрдіс. «Ауыл» партиясының өкілдері осылай дейді. Бүгін депутаттар кеңейтілген отырыс өткізіп, Ата заңның жаңа жобасын талқылады. Жиында ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұны, олардың ауылдық аймақтардың дамуына, аграрлық секторға, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне және әлеуметтік саясатқа ықпалы жан-жақты сараланатыны айтылды. Жаңа Конституцияда адам – ең жоғары құндылық ретінде айқындалды. Отбасы ұғымы, адами капитал, білім, ғылым мен инновация – барлығы елдің ұзақмерзімді дамуына бағытталған. Партия төрағасы Конституциялық реформа асығыс шешім емес, соңғы жылдардағы өзгерістердің нәтижесі, - дейді.
СЕРІК ЕГІЗБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕСІ