Конституциялық реформалар Қазақстанның жаңа бағытын айқындап, мемлекеттілікті нығайту үшін қажет. Құжатты дайындауға соңғы жарты жылда азаматтардан, қоғамдық ұйымдардан, саяси партиялар мен сарапшылардан түскен ұсыныстар негізге алынып, сондай-ақ Комиссия мүшелерінің пікірлері мен ұсынымдары ескерілді.

Жаңа Конституция Кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады. Конституция елдің болашағын айқындайтын басымдықтарды бекітеді. Олар – білім беру, инновациялар, құқықтарды цифрлық қорғау және адамға бағдарланған даму. Алғаш рет адам құқықтары мен бостандықтары басты бағдар ретінде жарияланып, адами капитал ел дамуының негізгі ресурсы деп танылды. Реформаның маңызды бағыттарының бірі - бірпалаталы Парламентке көшу. Бұл - заң шығару рәсімдерін жеңілдету, артық бюрократияны қысқарту және мемлекеттік шешімдерді қабылдау үдерісінің жеделдігін арттыру тәсілі ретінде бағаланады.

ГАЛИНА СЕМЁНОВА, «СҚО АВТОТРАНСПОРТ ОДАҒЫ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ