Солтүстікқазақстандықтар Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасындағы негізгі ережелерді қолдайды. Өңір тұрғындары конституциялық реформалардың басты бағыттарымен танысып, бұл құжаттың кең қоғамдық қатысу мен ашық диалог нәтижесінде әзірленгенін атап өтті.
Негізгі заң жобасы азаматтардың, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың және сарапшылар қауымдастығының ұсыныстары ескеріле отырып дайындалды. Алғаш рет жария талқылаудың ауқымды форматы қолданылып, бұл Конституцияны шын мәнінде халықтық әрі заман талабына сай етуге мүмкіндік берді.
ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Алғаш рет Конституцияда әділеттілік пен заңдылық, табиғатқа ұқыпты қарау, сондай-ақ цифрлық ортада азаматтардың құқықтарын қорғау сияқты қағидаттар бекітілуде. Қазақстан халқы биліктің бірден-бір қайнар көзі мәртебесін сақтайды, ал білім беру, ғылым, мәдениет және инновациялар мемлекеттің дамуының басым бағыттары ретінде айқындалды.
АСАНӘЛІ ЖАНАТҰЛЫ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ СТУДЕНТТІК ҮКІМЕТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Елеулі өзгерістер саяси архитектураға да қатысты. Жоба аясында жаңа институттарды құру көзделген: бір палаталы Парламент – Құрылтай, жалпыұлттық диалог алаңы – Халық кеңесі, сондай-ақ вице-президент институты