Елдегі саяси жаңғыртудың маңызды бағыттары өңірлерде кеңінен талқыланып келеді. Бүгін облыста Конституциялық реформа жөніндегі активтің отырысы өтті. Жиында реформаның негізгі тетіктерімен қатар, Кызылордада өткен V Ұлттық құрылтайдың шешімдері мен тұжырымдары да сөз болды. Екі алаңның мақсаты қоғамды жаңартуда азаматтардың рөлін арттыру, мемлекеттік басқаруды тиімді ету және ел болашағына қатысты ашық диалогты қалыптастыру.

Ел Президенті биылғы Жолдауында 2026 жыл Парламенттік реформалармен есте қалатынын атап өтті. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың V отырысында: «Ата Заңның Преамбуласын ұлттық құндылықтарымызды айшықтайтындай, уақыт өткен сайын да өзектілігін жоғалтпайтындай етіп қайта жазуымыз қажет. Онда қазақ жеріндегі терең тамырлы өркениет пен мемлекеттіліктің тарихы айқын көрінуі тиіс», – деді. Ел болашағына қатысты маңызды құжаттың жобасын қолдауға байланысты облыстық әкімдікте облыс әкімі Ғауез Торсанұлының қатысуымен жиын өтті.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Өңірлік актив мүшелері құрылтайда айтылған ұсыныстардың Конституциялық реформада көрініс тауып, бір-бірін толықтырып тұрғанын жеткізді. Бұл елдің саяси мәдениетін жаңғыртуды және қоғамның жауапкершілігін арттыруды көздейтін кешенді қадам.

ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, СҚО АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Конституция жобасының негізінде 145 депутаттан тұратын және жаңа, кеңейтілген өкілеттіктерге ие бір палаталы жаңа Парламент - Құрылтай құрылады. Оны құру кезінде пропорционалды сайлау жүйесі қолданылады, ал депутаттардың өкілеттік мерзімі 5 жылды құрайды.

ЕРЛАН ТОҚШЫЛЫҚ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ

Сонымен қатар, мемлекеттік құрылымның қалыптасуына және Қазақстанның тарихи дамуында маңызды рөл атқарған қазіргі Конституцияға құрмет көрсетіледі. Жалпы, Конституцияның жаңа редакциясының алғашқы жобасында Преамбула, 11 бөлім және 95 бап бекітілу ұсынылады.