Петропавлда «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында "Халық заңгері” атты ауқымды акция өтті. Іс-шара барысында тұрғындар арнайы мамандардан тегін кеңес алды. Сондай-ақ, қолданыстағы заңнама бойынша түсініктемелер мен жедел құқықтық көмекке қол жеткізді.

«Халық заңгері» акциясы Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарында және облыс орталығы Петропавл қаласында кең ауқымда өтті. Іс-шара өңір тұрғындарын құқықтық ақпаратпен қамтуға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заң саласындағы өзекті мәселелер бойынша көмек көрсетуге бағытталды.

РАУАН ТУҒАНБАЙ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ

Осындай ауқымды іс-шара өңірдің барлық елді мекендерін қамтып, азаматтарға қолжетімді құқықтық көмек көрсетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, акция қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын нығайтуға ықпал етті.Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды.

«Халық заңгері» акциясы аясында өңір бойынша екі мыңға жуық азаматты қамту жоспарланып, тұрғындарға кең көлемде құқықтық кеңес пен заңдық қолдау көрсету мақсат етілді.