Облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың әлеуметтік және мәдени бағыттағы өзекті мәселелерін тыңдады. Қабылдау барысында жер үлесін ала алмай жүрген зейнеткердің мәселесі мен мәдениет саласындағы маңызды бастамалар көтерілді. Әрбір өтініш жан-жақты қаралып, салалық басқармаларға нақты тапсырмалар берілді. Аймақ басшысы тұрғындардың мәселесін назардан тыс қалдырмай, заң аясында шешу керектігін атап өтті.

Облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Өңір жетекшісіне алғаш болып Қызылжар ауданының тұрғыны Сәрсембай Мүсенов жүгінді. Ол 2018 жылдан бері өзіне тиесілі жер үлесін ала алмай жүр. Зейнеткердің бармаған жері, баспаған тауы қалмапты.

СӘРСЕМБАЙ МҮСЕНОВ, Қызылжар ауданының тұрғыны:

Зейнеткердің сөзінше, серіктестіктің қазіргі басшысы "Менің бұл мәселеге дым қатысым жоқ, бұрынғы директордан сұраңдар" деп жауап берген. Ал ол кісі бірер жыл бұрын қайтыс болыпты. Азамат қазіргі басшылығымен соттасқысы келеді, бірақ адвокат жалдауға ақшасы жоқ.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Келесі болып сұрағын қашықтықтан Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжінің директоры Рауза Қашенова қойды. Биыл білім ордасына аты берілген опера өнері дүлділінің туғанына 100 жыл толады. Азаматша нар тұлғаның мерейтойы кең көлемде аталып өткенін қалайды. Тек қаржылай қолдау қажет.

РАУЗА ҚАШЕНОВА, Е.Серкебаев атындағы өнер колледжінің директоры:

Шараға қатысқан облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Досбол Әбдірейісов бұл мәселемен жақсы таныс. Талаптарға сәйкес, ескерткішті бірден орнату мүмкін емес. Бәрі талапқа сай болуы керек. Қажетті құжаттарды жинақтап, құрылыс басқармасымен келісілгені жөн. Досбол Нұржанұлының сөзінше, ескерткіш биыл орнатылмайды. Жоспар бойынша 2027 жылы тұрғызылады деп шешілген. Ал облыс әкімі болса нар тұлғаның мерейтойы кең көлемде атап өтілетінін жеткізді.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Жеке қабылдауда барлығы - 4 тұрғынның мәселесі қаралды. Әрқайсысы жан-жақты зерттелді, тұшымды жауап берілді.