Волонтерлердің цифрлық паспорты жасалуы мүмкін. Бүгін Халықаралық еріктілер жылының салтанатты ашылуы қарсаңында Президент бұл бастаманы қолдайтынын айтты. Мемлекет басшысы ең әуелі қоғамның игілігін ойлайтын, еліміздің мұрат-мүддесін биікке қоятын жанашыр жандар волонтерлер қауымына алғысын білдірді. Әрі еріктілер ескеруі тиіс басты міндеттерге тоқталды. Оның алғашқысы – волонтерлік қызметте жаңа технологияны көбірек пайдалану, халықаралық ықпалдастықты, азаматтардың экологиялық міндетін арттыру және корпоративтік еріктілер қозғалысын дамыту.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
5 жыл бұрын волонтерлер саны 50 мың болса, биыл 300 мыңға жеткен. Ұйым саны 4 есе өсіп, 800-ге жуықтаған. Биыл халықаралық еріктілер жылы деп жарияланғаны белгілі. Бастаманы Біріккен Ұлттар Ұйымының 75-ші сессиясында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көтеріп, ұсыныс жаһандық ауқымда қолдау тапқан еді. Форумға еліміздің әр түкпірінен волонтерлер жиналып, атқарылған жұмыстарға тоқталды.
АЙНҰР АЙМУРЗИНА, «DOS COMMUNITY» ҚОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: