Бүгін Креатив орталығында DIGITAL & AI MARKETING 2026 атты жыл сайынғы форум ұйымдастырылды. Іс-шарада цифрлық маркетинг, сатылым, автоматтандыру және жасанды интеллекттің бизнесті дамытудағы нақты мүмкіндіктері сөз болды. Форумға студенттер, кәсіпкерлер мен маркетологтар қатысты.
Іс-шараның негізгі ерекшелігі — ашық диалог форматы. Спикерлер өз баяндамаларын ұсынып қана қоймай, қатысушылармен тікелей пікір алмасып, сұрақтарға жауап берді. Форумда 2026 жылы нәтиже беретін digital-құралдар, жарнама бюджетін тиімді пайдалану, қазіргі сатылым тәсілдері және жасанды интеллекттің бизнестегі шығынды азайтудағы рөлі талқыланды.
НҰРГҮЛ БОЛАТОВА, SKO HUB ӨҢІРЛІК IT-ХАБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Форум спикерлері ретінде күнделікті нақты бизнес жобалармен жұмыс істейтін тәжірибелі мамандар баяндама жасады. Солардың бірі инстаграмм әлеуметтік желісіндегі маркетинг саласының маманы, кәсіпкер Кристина Маракушкина.
КРИСТИНА МАРАКУШКИНА, KM AGENCY SMM-АГЕНТТІГІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
Аталған форум теория мен тәжірибені ұштастырған, пікір алмасуға негізделген алаңға айналды. Мұндай формат өңірдегі кәсіпкерлер мен жас мамандар үшін пайдалы диалог орнатуға мүмкіндік берді.